Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өткен жылы елімізде интернет желілерінде 73 мың деструктивті материал бұғатталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр.   2020 жылы интернеттегі 73 мың деструктивті материал бұғатталды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттың жаны мен санасына нәр беретін үлкен факторлардың бірі бұл – әрине, дін саласы. Біз – көп конфессиялы мемлекетпіз. Елімізде 18 діни бағытта 3 848 бірлестік ресми тіркелген. Міне, министрлік өз құзыреті шегінде олардың әрбірімен тығыз жұмыс істеп келеді. Десе де, халқымызда: «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деген сөз бар. Оның шынайы мәнін біз, әсіресе, жастарға жеткізуге тырысамыз. Бұл ретте, негізгі үш бағытты атап өтуге болады. Бірінші – интернеттегі діни экстремизм идеологиясына қарсы күрес, екінші – нақты мақсатты топтармен ақпараттық-түсіндіру жүргізу, үшінші – жат діни ағым құрбандарын оңалту жұмыстары», — деді министр.

Аида Балаева радикалды діни ағымдар идеологиясы негізінен интернет ресурстар арқылы таралатынын атап өтті.

«Бұл ретте, экстремистік діни ақпараттың алдын алу мақсатында интернет желілеріне ұдайы мониторинг жүргізіледі. Былтыр осындай 73 мың деструктивті материал бұғатталып, БАҚ мен әлеуметтік желі арқылы 80 мыңнан астам діни ағарту жұмысы жарияланды», — деді ол.

Оның атап өтуінше, халыққа сапалы діни ақпарат беру мақсатында бүгінде 229 түсіндіру-насихат тобы жұмыс істейді.

«Жоғары сауатты, кәсіби сарапшылардан тұратын үгіт-насихат тобы 1,5 миллион халықты қамтыған 16 мыңнан астам нақты ағарту іс-шараларын жүргізді. Әсіресе радикалды діни ағымдар ықпалына түсу қаупі жоғары нақты мақсатты топтармен жұмысқа баса мән берілді», — деді ол.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *