Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Доминикан Республикасында 260 кг-нан астам кокаин тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  Доминикан Республикасында есірткінің айналымын бақылау жөніндегі Ұлттық басқарманың қызметкерлері елдің батысындағы Бараона елді мекенінің жанында есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі басқармасының қызметкерлері есірткі контрабандасына күдік бойынша Венесуэланың екі азаматын ұстау барысында қайықтардың бірінен 263 келі кокаин тәркілеген.

Естеріңізге сала кетейік, Доминикан Республикасы Латын Америкасынан АҚШ пен Еуропаға есірткі тасымалдаудың ең ірі орнына айналды. Өткен жылдың өзінде елдің түрлі қалалары мен порттарында тоннадан астам тыйым салынған заттар тәркіленді.

Бұған дейін REGNUM агенттігі хабарлағандай, осы жаздың басында 16 елдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері  жүргізген «Трояндық қалқан»  операциясы ҰҚТ-ның көптеген жоғары лауазымды мүшелерінің ұсталуына және көптеген есірткілердің тәркіленуіне әкелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *