Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияның Вюрцбург қаласында Сомалиден шыққан 24 жастағы жігіт көшедегі үш адамды пышақтап өлтірді

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.  Германияның Вюрцбург қаласында Сомалиден шыққан 24 жастағы жігіт көшедегі жұртқа пышақ салды, деп хабарлайды 24.kz.

Әлгі жігіттің әрекеті шектен шығып, үш бірдей кісіні пышақтап өлтірді. Алты адамның жарақат алғаны жайында ақпарат бар. Тіпті бір балаға да пышақ салған секілді. Баланың әкесі қандықол қарақшының қолынан қаза тапқан көрінеді. Көпшілік қылмыскерді ұстауға тырысып еді, әлі келмеді. Дереу жеткен тәртіп сақщылары оқ атып, әлгіні қолға түсірді. Қанды қасап жасаған адам қазір абақтыда отыр. Үстінен қылмыстық іс қозғалды. Баварияның ішкі істер министрі Иоахим Херрманн қолға түскен қаскөйдің бұрын жүйке жүйесі сыр бергендер ауруханасында ем алғанын айтып, әрі қасында еш серігі болмағанын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *