Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Еліміздің аумағында жыл басынан бері 2 тоннаға жуық есірткі зат тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым.  Жыл басынан бері еліміздің аумағында 3,5 мың есірткі қылмысы әшкере болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 маусымда көптеген елде әлеуметтік сипаттағы құбылысқа айналған нашақорлыққа қарсы күрестің халықаралық күні атап өтілді. Қазақстан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың жалпы әлемдік жүйесімен біріккен. Ұлттық есірткіге қарсы заңнама халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілді – БҰҰ-ның есірткі жөніндегі негізгі үш Конвенциясы да ратификацияланды. Ішкі істер министрлігінің негізгі күш-жігері есірткіні жеткізушілермен және сатушылармен күресуге, олардың таралу арналарын жабу және ірі есірткі сатушыларды әшкерелеуге бағытталған», — деді ол.

Ресми өкілдің дерегінше, жыл басынан бері ІІМ 3,5 мың есірткі қылмысын, оның ішінде 758 өткізу фактісін анықтады. 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді, оның ішінде 41 келі синтетикалық есірткі бар. Ұйымдасқан қылмыстық есірткі топтарының 3 көшбасшысы мен 30 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Есірткі тарататын 740 сайт бұғатталып, 10 есірткі зертханасы жойылды.

«Профилактикалық сипаттағы шаралар кешені маңызды бағыт болып саналады. Оқу орындарында есірткіге бейім топқа кіретін жасөспірімдерді ерте анықтаудың және олармен жұмыс істеудің заманауи әдістері енгізілуде. Қазір біз нашақорлықтың бастапқы алдын алу мәселелері бойынша 60-тан астам ҮЕҰ-мен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз. Жалпы қоғам осы қылмыс түріне қарсы топтасып, бірлескен жұмыстар жүргізгенде ғана қазіргі заманның жаһандық проблемасы — нашақорлықты шешуде нәтижелерге қол жеткізуге болады», — деді Нұрділдә Ораз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *