Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК: Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қауіптерінің бірі «Ауған факторы» болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде.Есірткінің қарқынды және жаппай таратылуы ұлт денсаулығына орасан зиян келтіріп, ел генофондына теріс әсер етуде, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қаупінің бірі «ауған факторы» болып табылады.

Ауғанстандағы тұрақсыз ахуал Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға есірткі ағынының жандануына ықпал етуде.

Есірткінің қарқынды және жаппай таратылуы ұлт денсаулығына орасан зиян келтіріп, ел генофондына теріс әсер етуде.

Қазақстан Республикасы үшін негізгі есірткі қаупінің бірі «ауған факторы» болып табылады.

Ауғанстандағы тұрақсыз ахуал Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға есірткі ағынының жандануына ықпал етуде.

Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2021 жылғы маусымда шетел серіктестерімен өзара іс-қимылда Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жеткізу арналарының жолын кесу бойынша 2 халықаралық операцияны іске асырды.

Арнайы операция нәтижесінде 12,3 кг ауыр есірткі құралының Қазақстанға келіп түсуіне жол берілмеді. Өзбекстан мен Қазақстан аумағында трансұлттық құрылымдардың 4 қатысушысы қылмыс үстінде ұсталды.

Қырғыз Республикасынан жеткізілген есірткіні жасырын орыннан алу кезінде Тараз қ. есірткі курьері – бұрын осыған ұқсас есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған Қазақстан Республикасының
«А» деген азаматы ұсталды.

Фигуранттар кінәларын мойындап, тергеумен ынтымақтасуда.

Есірткі қылмысы үшін жоғарғы мерзім 20 жыл не мүлкін тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру.

Есірткі трафигіне қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *