Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Таразда ҰҚКД ерлікпен қаза тапқан қызметкерлеріне ескерткіш қойылды

ТАРАЗ, 14 шілде. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Таразда бейбіт тұрғындарды құтқару жолында өз өмірін құрбан еткен ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненкоға арналған ескерткіш-монумент ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, 2011 жылы Тараздағы террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандардың арасында ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненко да бар болатын. Олар діни экстремистермен байланысы бар деген күдікке ілінген қылмыскерге сыртқы бақылау жүргізді. Террорист ізіне түскен жедел-іздестіру басқармасы қызметкерлеріне шабуыл жасап, ажал құштырған еді.

Батырлардың есімі енді ҰҚКД ғимаратының жанындағы скверде орналасқан ескерткіш-монументте мәңгі сақталмақ.

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚКД бастығы Марат Ирменов, полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов және қаза тапқан қызметкерлердің жақын туыстары қатысты.

Аймақ басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылған күні ашылып отырған батырларға арналған ескерткіш-монументтің айрықша маңыздылығын атап өтті.

«Туған жердегі бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау үшін өз өмірін қиған ҰҚКД қызметкерлері – елі мен халқына шынайы берілген, шексіз адалдықтың үлгісі болып қала бермек. Өскелең жас ұрпақ осындай азаматтардан үлгі алуы тиіс Осы скверді абаттандырғаны үшін ҰҚКД басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіремін», — деді Бердібек Сапарбаев.

Шара барысында қаза тапқан қызметкер Мұхтар Халиевтің әкесі Ермекбай Халиев те сөз алды.

«Аспанымыз әрқашан ашық, еліміз бейбітшілікте өмір сүрсін!» – деген тілегін жеткізді ол.

Бұдан соң қонақтар ҰҚКД ғимаратында өткен ұлттық қауіпсіздік органдары күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *