Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбылдық полицейлер құны 1,5 миллион теңге болатын  гашиш тәркіледі

ТАРАЗ, 15 шілде. Жамбылдық полицейлер есірткі сатушыдан үш мыңға жуық гашиш дозасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 шілдесінде “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қайнар-Қордай” автожолында Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатты.

Көлікті тінту барысында жолаушы Шу қаласының 44 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы екі келі 965 грамм “гашиш” есірткі заты табылды, тәркіленген есірткі затының салмағы 3 000 дозаны құрайды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 1,5 миллион теңгені құрайды.

– Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *