Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Канадада екі әйел исламофобиялық шабуылға ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Канаданың Гамильтон қаласында мұсылман ана мен қызы исламофобиялық шабуылға ұшырады, деп TRT хабарлайды. 

Гамильтон полициясы жасаған мәлімдемеге қарағанда қаланың Ancaster Meadowlands аймағындағы бір автотұрақта жүрген ана мен қызының үстіне бір көлік келе бастады.

Полицияның мәлімдеуінше, жүргізуші орамал таққан ана мен қызын мұсылман қоғамға бағытталған нәсілшіл сөздермен қорлап, қоқан-лоққы жасады.

62 жастағы ана мен оның 26 ​​жасар қызы даңғылдың аржағына жүгіріп, бұталардың артына жасырынды. Полиция шабуылдаушының ана мен қызды ізіне түскенін, оларды тапқан кезде өлтірумен қорқытқанын атап көрсетті.

Әйелдердің бірі айқайлап жіберген соң айналадағы адамдардың көмектесуге келгенін жариялаған Гамильтон полициясы куәгерлер берген ақпармен шабуылдаушыларды ұстады. 40-тан асқан шабуылшы «жеккөру қылмысымен» айыпталып ұсталды.

Елдің Онтарио провинциясының Лондон қаласында 8 маусым күні жасалған террорлық актіде тротуарда келе жатқан мұсылман отбасының үстіне көлік басқарған шабуылдаушы бір отбасының 4 мүшесін өлтірген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *