Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

CENTCOM: АҚШ Кабулға Талибанға қарсы күресте қолдау көрсетуді жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  АҚШ алдағы апталарда ауған қауіпсіздік күштеріне «Талибан» қозғалысының содырларына қарсы күресте  ауадан қолдау көрсетуді жалғастырады, деп АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи мәлімдеді. Бұл туралы CNN сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, американдық тарап ауған қауіпсіздік күштері мен тәлібтер арасындағы шайқас жалғасып жатқан Кандагар провинциясының аймағында ауадан қолдау көрсетті.

 «Соңғы бірнеше күнде АҚШ ауған күштеріне қолдау көрсету үшін әуе соққыларының санын көбейтті. Егер тәлібтер шабуылды жалғастырса, біз алдағы апталарда бұл миссияны жалғастыруға дайынбыз», — деді Маккензи.

АҚШ қолбасшысы тәлібтердің жеңісі сөзсіз емес екенін атап өтті.

АҚШ ауған күштеріне материалдық-техникалық қолдау көрсетуді 31 тамыз — елден әскерлерді шығару аяқталған күннен кейін де жалғастырады, деп сендірді CENTCOM қолбасшысы.

Маккензи Ауғанстан үкіметін қиын кезеңдерді күтетінін және «бірнеше күндер немесе апталар» ішінде ауған билігі елді тәлібтерден қаншалықты қорғайтыны белгілі болатынын мойындады. «Бұл оңай жол болады деп ойламаймын , бірақ мен азаматтық соғыстың болмай қалмайтыны туралы мәлімдемелерді қабылдамаймын», — деді қолбасшы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *