Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда Франция мен Қазақстан полиция академиялары басшыларының кездесуі өтті

АЛМАТЫ, 27 шілде.Қазақстан мен Франция полиция академияларының басшылары лаңкестік пен киберқылмыспен күрес саласындағы қызметкерлерді даярлау мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды «Адырна» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

2021 жылдың 26 шілдесінде Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында Еуроодақтың LEICA жобасының делегациясымен кездесу болып өтті.

Алдымен, аталған жоба жөнінде аздаған анықтама.

LEICA- Орталық Азияда құқық тәртібін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Аты айтып тұрғандай, Алматы академиясына келген қонақтар осы салада ынтымақтастық пен өзара байланысты дамыту үшін келгендерін кездесу барысында баяндап отырды.

Алдымен қонақтарды академия туының жанында ұлттық киім киген қыздар қарсы алып, гүл шоқтарын ұсынды. Сосын академияның конференц-залында келіссөздер басталды. Қонақтарға арналған құттықтау сөзінде Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков елімізде құқық қорғау органдарында жүріп жатқан реформа барысын баяндап, нақты академияның өзіндегі өзгерістермен таныстырды. Делегация атынан сөз алған Франция ішкі істер министрлігінің Ұлттық полиция академиясының халықаралық қатынастар және оқу жөніндегі Директоры Лоран Москателло мырза қазақстандық әріптестеріне сәттілік тілеп, аталған жоба аясында ынтымақтастық орнатуға әзір екендіктерін жеткізді. Еуропалық делегация өкілдеріне Академия жайлы бейнеролик көрсетіліп, слайттар ұсынылды.

Кездесу соңында екі жақ өзара ынтымақтастық туралы меморандум жайында келіссөз жүргізді. Қонақтарды бұл жолы тағы бір жағымды тосынсый күтіп тұрды. Академияда Француздың Петанк ойынын ойнайтын арнайы алаң ашылды. Оның алқызыл лентасын академия бастығы Айдар Сайтбеков пен Франция ІІМ нің Ұлттық полиция академиясының халықаралық қатынастар және оқу жөніндегі директоры Лоран Москателло және LEICA жобасының директоры Генаэль Ле Бретон қиды.
БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихаты ұймдастырылды.

Шетелдік меймандар Академия аумағындағы генерал Мақан Есболатовтың ескерткішіне барып, гүлшоқтарын қойды. Бұл кездесу Еуропалық әріптестермен байланыс көкжиегі бұдан әрі де жалғаса береді деген сенім ұялатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *