Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында 50-ге жуық есірткі жазбалары өшірілді

ТҮРКІСТАН, 23 тамыз. Түркістан облысының полицейлерімен екі  күнде 50-ге жуық есірткі жазбалары өшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.  

Түркістан облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен Түркістан ҚПБ учаскелік полиция инспекторлары, Жастар орталығы жанындағы еріктілерді қатыстыра отырып, тұрғындардың саулығы үшін аса маңызды шараны ұйымдастырды. Ұйымдастырылған шара барысында Түркістан қаласындағы орталық көшелер мен ғимараттардың қабырғалары, басқа да нысанның сыртқы жақтары тексеріліп, есірткі сатуға қатысты сайттарды жарнамалайтын граффити-жазуларды өшіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі күн ішінде 50-ге жуық жазба өшірілді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен жүргізілген мониторинг барысында Telegram қосымшасында осыған ұқсас жұмыс жасаған интернет-сайттарды анықтап, оларды жоюға қатысты іс-шаралар кешені жүргізілді.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ескертеді: синтетикалық есірткілердің жарнамасын жасау, жазбалар қалдыру, ғаламтор арқылы жұмыс жасау үшін ҚР ҚК-нің 299-1-бабының негізінде жауапкершілік қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *