Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Химиялық өлім»: Алматы полициясы «синтетиканың» зияны туралы фильм шығарды

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек. Алматы қалалық полиция департаменті «Химиялық өлім» атты деректі фильм шығарды. Бес минуттық бейнебаянға синтетикалық есірткі жасайтындарды ұстау операцияларының хроникасы енді. Сондай-ақ, полицейлер ондай есірткі қолданғандар қандай күйге түсетінін көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Психиатр-нарколог Анна Трубникованың айтуынша, синтетикалық есірткі – өте ауыр. Адам оны бір рет шеккеннен-ақ тәуелді болып қалады.

«Көбісі синтетикалық есірткі героиннен жеңіл деп ойлайды. Олай емес. Мысалы, героинмен салыстырғанда «скорость» деген химиялық есірткінің әсері 20 есеге қатты. Жасөспірімдер жеңіл есірткі деп ойлайды да, пайдаланып көреді. Бірақ артынан бізге психозбен түседі, шизофрения болады. Ондай ауруды емдеуге болады, алайда толығымен жазылып шығу мүмкін емес. Себебі адамның жүйке жүйесі тез бұзылады», — дейді Трубникова.

Оның айтуынша, бүгінде нашақорлардың өмір сүру ұзақтығы да қысқарып отыр. Себебі есірткінің әсері өте қатты болып кеткен.

«Бұрын нашақор адам, шамамен, 10-15 жыл өмір сүретін. Қазір ол ары кетсе, 5-7 жыл өмір сүреді. Ал кейбір есірткіден кейін екі жылдан соң қайтыс болады», — деп атап көрсетті нарколог.

Алматы қалалық полиция департаментінің есірткімен күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетовтың сөзіне қарағанда, синтетикалық есірткіні, көбінесе, жұмыс істемейтін адамдар жасайды. Бірақ өздері шекпейді. Ал есірткіні жасауға қажетті ингредиенттер Ресей мен Украинадан жеткізіледі. Қазақстанда бәрін қосып, синтетикалық есірткі жасайды.

«Бұрын синтетикалық есірткі үшін әкімшілік жауапкершілік болған. Қазір заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Енді ондай тәртіпбұзушылықтар қылмыстық іске жатады. Кінәлі адамдар 6 жылға дейін сотталады», — деді Әлмағамбетов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *