Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия Ирак және Ливиямен терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте ынтымақтасады

НҰР-СҰЛТАН,  03 қазан. Түркия Ирак және Ливиямен «лас ақшаны жылыстату», терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте ынтымақтасады, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

Президенттің осы тақырыптағы шешімдері Ресми газетте жарияланды.

Осыған қарағанда Түркия Қазына және қаржы министрлігі Қаржы қылмыстары тергеу кеңесі басқармасы, Түркия Қаржылық барлау басқармасы мен Ирак лас ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес басқармасы кеңсесі, Ирак қаржылық барлау бөлімі арасында «лас ақшаны жылыстату, байланысты қылмыстар мен қаржыландыруға қатысты құпия ақпарат алмасуда ынтымақтастық» жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум күшіне енді.

Түркия Қазына және қаржы министрлігі Қаржы қылмыстары тергеу кеңесі басқармасы мен Ливия Орталық банкі, Ливия Қаржы ақпараттық бөлімі арасында да «лас ақшаны жылыстату, байланысты қылмыстар мен қаржыландыруға қатысты құпия ақпарат алмасуда ынтымақтастық» жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум күшіне енді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *