Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дінтанушы: радикалдардың мақсатты аудиториялары бар

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Әлеуметтік желілерде дін туралы ақпаратты іздеу- радикалды және дәстүрлі емес діни ағымдардың тұзағына түсу қаупін күшейтері сөзсіз. Әлемде орын алған соңғы жағдайларға байланысты, пандемияның әсері дін саласына да өз әсерін тигізбей қоймады. Сондықтан, әлеуметтік желілерде діни ақпарат іздеу барысында қандай сақтық шараларын ұстану керек? Діни ақпаратты қандай ақпарат көздерінен алу керек?

Осы және өзге де сұрақтарға елордалық діндерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Еркебұлан Шамшатов жауап берді.
-Еркебұлан Жарасұлы, қазіргі таңда жат діни ағымдар адамдарды қалай арбайды? 

-Жат діни ағымдардың өз қатарына жаңа өкілдерді тартуда көптеген жолдарды қолданатын айтқым келеді. Оның ішінде, танымал  тәсіл «бетпе-бет кездесу» арқылы, яғни тікелей немесе ортада дәнекер адамдардың көмегімен байланыс орнату арқылы болса, ал қазіргі кезде өз қатарларына тарту әдісі онлайн жүйе арқылы жүзеге асыралтын болған. Яғни, әлеуметтік желілерде жаңа немесе танымал парақшаларды сатып алып, контентін діни бағытқа бұрып, адамдарға деструктивті бағыттағы ақпарат тарата бастайды. Осылайша, дін атын жамылған топтар әртүрлі бағытта жұмыс жасайды.

-Өзіңіз атап өткен әлеуметтік желілерде дін атын жамылып отыратын топтар неліктен көбейіп кетті? 

-Интернет- әрбір адамға қолжетімді құрал, оны сіз де , біз де , қолында телефон ұстаған жас пен кәрі де қолданады. Одан кейін, әлеуметтік желіде күнделікті тарайтын ақпарат ағынын жүз пайыз қадағалап отыру мүмкін емес. Сол себепті де, кім қалай қолданады, өз еркінде. Біз де әркімге жеке-жеке айта алмаймыз, мынаны оқы, ананы оқыма деп. Дін тақырыбы көпшілікке қызық тақырыптардың бірі. Айта кету керек жайт, деструктивті діни топтар құрылғанда қарапайым, адамдарға тартымды атаулар қояды. Мысалы, «Иман нұры», «Ислам және неке», «Мұсылман күнделігі», «Пайдалы насихат», және т. б.

-Осындай топтарға жазылудың қаупі неде?

-Біріншіден, қарапайым адам радикалды діни мазмұндағы посттарды басқа платформаларға таратып, репост жасайтын болса, ҚР заңнамасының, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 және 490-баптарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, онда 50 АЕК-тен айыппұл көзделген. Жұмыс барысында осындай жағдайларды жиі кездестіреміз.

Екіншіден, жастар суициді. Бұл өте күрделі проблема. Деструктивті контентті оқыған жас қолданушы, өзімен-өзі радикализацияға ұшырап, өмірден түңіліп, жалғызбасты террорлық әрекет жасауы мүмкін.

Үшіншіден, арнайы дін атын жамылған топ өкілдерінің қолына түсуі мүмкін. Яғни, радикалды діни топтың тұрақты оқырманы болса, әрқашан лайк тастап, комментарий қалдыратын болса, бұл қызығушылық тудырары сөзсіз. Аталған топтар өз қатарларына адам тарту мақсатында парақшаға талдау жасап отырады, адамның психологиялық портретін құрастырып, оны ұйымға тарту мүмкіндігін бағалайды.

-Жоғарыда жастарды атап өттіңіз. Неге жас буын радикализацияға бейім? 

-Тарих беттеріне үңілсек те, қазіргі заманды қарасақ та , қоғамның ең белсенді мүшелері- жастар. Тиісінші, осындай белсенді, бәрін тануға ынтық жастарды деструктивті дін өкілдері пайдаланады. Сонымен қатар, олар кәсіби түрде бейнежазба түсіріп, тартымды контент жасау арқылы, арбап алады. Тұрақсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени жағдайлар да жастарды радикалдар мен экстремистер шеңберіне тарту қаупін арттырары сөзсіз.

-Олар жақсы контент жасайды дедіңіз. Ол контенттің артықшылығы неде? Неліктен жастар арасында танымалдылыққа ие болады? 

-Олар өздерінің мақсатты аудиторияларымен қалай жұмыс жасау керектігін  жақсы біледі. Мейлі ол жас бала болсын немесе өзіне екінші жартысын іздеген қыз болсын. Ондай топтарды жүргізетін адамдар белгілі бір деңгейде «философтар» мен «психологтар».

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар деструктивті діни ағымдардың әсерінен қорғану үшін не істеулері керек?

– Егер сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін тақырыбына қызықса, интернетте діни білім алғыңыз келсе, тексерілген ресми сайттар мен қауымдастықтарды пайдалануларыңызға кеңес беремін. Сондай-ақ, дінге қатысты кез келген сұрақтыңызға Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығына келіп немесе

IKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып жауап ала аласыздар.

Дереккөз: “Қала мен Дала” газеті 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *