Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда арнайы операция кезінде «Боко Харамның» 16 террористі залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Нигерияның солтүстік -шығысындағы Борно штатында «Боко Харам» лаңкестік ұйымының 16 содырының көзі жойылды, деп жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Анадолу ақпараттық агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Терроризмге қарсы операция Жере аймағында ұйымдастырылды.

Тыйым салынған ұйымның ондаған содырлары жараланғаны туралы хабарланды.

Көптеген терроризмге қарсы операцияларға қарамастан, «Боко Харам» Нигерия қауіпсіздігіне негізгі қауіптердің бірі болып қала береді.

«Боко Харам» лаңкестері Нигерияда 2000 жылдардың басынан бері әрекет етеді. 2009 жылдан бері 20 мыңнан астам адам лаңкестік ұйымның құрбаны болды.

«Боко Харам» 2015 жылдан бері Камерун, Чад және Нигерге шабуылдар жасап келеді.

Чад көлі аймағында кем дегенде екі мың адам лаңкестердің құрбаны болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *