Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да сегіз «телефон террорисі» қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ПЕТРОПАВЛ, 27 қазан. СҚО полицейлері соңғы бес жылда сегіз “телефон террорисін” қылмыстық жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Телефон террористеріне” бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаудың) максималды санкциясы. Соңғы бес жылда Солтүстік Қазақстан облысында жарылғыш заттың қойылғандығы туралы “қалжыңы” үшін сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бірінің 3-4 жылға түрмеге қамалуына тура келді, келесі бір “қалжыңбас” ұзақ мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жазасын өтеген соң олардың әрқайсысы полицияның ерекше назарында болады: бұрын сотты болған тұлғалар сияқты олар да есепте тұрады, учаскелік полиция инспекторлары оларды тұрғылықты жерлері бойынша тексереді. Бұл, әдетте алкогольдік масаң күйде жасалған “қалжың” қоңыраудың өтемі.

– Осындай әр факті бойынша қаншама полицияның күші мен құралдары, өкілдері тартылады, – деді СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев. – Өмірдің күнделікті қалпы бұзылады, адамдар мазасызданады. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халыққа ақпараттық жұмыс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен көзделген жауапкершілік шараларын еске салады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *