Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кабулда автобус жарылысынан бір адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулдың батыс бөлігінде адам көп жиналған жолда автобус жарылысы болды, салдарынан кем дегенде бір бейбіт тұрғын қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды «Синьхуа» ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

«Даште-Барчи ауданының Махтаб-Қала орамында жолаушылар мінген шағын автобуста жойқын жарылыс болғанын естідік. Қазір қайғылы оқиға орнын «Талибан*» тобының қауіпсіздік күштері қоршап алды», — деді куәгерлердің бірі.

Оның айтуынша, автобус өртеніп, қою түтін будақтап, айналада дүрбелең басталған.

Жарылыс болған 18-ші полиция округінде орналасқан ауруханасындағы дереккөздің жергілікті тілшілерге хабарлауы бойынша оқиға салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза болды, тағы төрт адам, оның ішінде бір әйел жарақат алды.

«Талибан» қозғалысының ресми өкілі Забихулла Мужахид болған оқиғаны Twitter-де растады және тергеу басталғанын және оқиғаның егжей-тегжейлері жақын арада бұқаралық ақпарат құралдарына хабарланатынын айтты.

Әзірге ешбір топ шабуылды өз мойнына алған жоқ.

Тамыздың ортасынан бастап, «Талибан» елдегі билікті басып алғаннан бері, Кабулда «Ислам мемлекеті» (ИМ)* тобымен байланысты содырлар ұйымдастырған және Ауғанстанның өтпелі үкіметіне қарсы бағытталған бірқатар шабуылдар болды.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *