Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыдағы кеңес беру және оңалту орталығында 100-ге жуық адам оңалтудан өтті

АЛМАТЫ, 27 қараша. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Кеңес беру және оңалту орталығының» жұмысына арналған пресс-конференция болып өтті, деп Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Аzan.kz хабарлайды.

Пресс-конференцияға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Көшеке Ерғали және осы басқарманың «Кеңес беру және оңалту орталығының» директоры Руслан Қайыргелді қатысты. Алматы қаласында 2016 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан орталықтың негізгі міндеті радикалды діни топтар мен ұйымдардың ықпалына түскен адамдарға оңалту, кеңес беру, бейімделуі үшін көмек көрсету болып табылады. Іс-шараның спикерлері деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдармен жұмыс туралы, осы бағыттағы өзекті мәселелер жайлы айтып өтті. Ағымдағы жыл қорытындысы бойынша 95 адам жат ағымдардан дәстүрлі дінімізге қайтса, 301 адам қоғамдық орталықта бейімделді. Жетпісбайқызы Назерке әйелдерге арналған курстар ұйымдастырылып, нәтижесінде ҚазақМед емдеу орталығынан хиджама курсын бітіріп шыққан қыз-келіншектер өз кәсіптерін ашып жатқанын айтты. 608 әйел психологиялық көмек алған. Оңалту орталығы дәстүрлі дін негізі мен Пайғамбар сүннеті, хадис, шариғат заңдары бойынша жұмыстар атқарады. Конференция спикерлері басқа да қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *