Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ делегациясы мен Талибан өкілдері Катарда келіссөздер жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан. АҚШ-тың ведомствоаралық делегациясы Катарда ауғандық «Талибан»* қозғалысының өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Нед Прайсқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Ауғанстан бойынша арнайы өкіл Томас Уэст 29-30 қарашада ұлттық қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша Дохадағы «Талибанның»* жоғары лауазымды өкілдерімен және технократиялық кәсіпқойлармен келіссөздерде жоғары деңгейдегі ведомствоаралық делегацияны басқарды»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Америкалық делегация құрамына Мемлекеттік департаменттің, Қаржы министрлігінің, USAID гуманитарлық агенттіктің және барлау қауымдастығының өкілдері кірді.

«АҚШ делегациясы тәлібтердің Ауғанстан аумағынан ешбір елге қауіп төндірмеу, американдық азаматтар мен ауғандықтар үшін қауіпсіз шығуды қамтамасыз ету, барлық ауғандық азаматтардың, соның ішінде әйелдердің, қыздардың және азшылықтардың құқықтарын қорғау туралы уәделерін орындау қажеттілігін атап өтті», — деді Прайс.

Оның айтуынша, делегациялар Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты шешуге бағытталған шұғыл халықаралық күш-жігерді де талқылады.

Бұл АҚШ өкілдерінің Ауғанстаннан шетелдік әскерлер шығарылып, бейбіт тұрғындарды ұйымдасқан түрде эвакуациялау аяқталғаннан кейінгі тәліптермен екінші кездесуі.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *