Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өскеменде есірткі таратқан курьер ұсталды

ӨСКЕМЕН, 02 желтоқсан. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері синтетикалық есірткі таратқан курьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі сақтады деген күдікпен Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады, ол оңай олжаға қол жеткізу мақсатында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен өткізіп отырған.

– Күдіктінің пәтерін тінту барысында жасыл, қызғылт және ақ түсті ұнтақ пен түйіршіктер түріндегі заты бар 55 полимерлі пакет пен түйіншек, буып-түюге және өлшеуге арналған электрондық таразы құрылғылар тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 119,9395 г “α-пирролидиналерофенон” психотроптық заты болып табылады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Тәртіп сақшылары қаскөйдің заңмен тыйым салынған заттарды өзі өлшеп қана қоймай, сонымен қатар ғаламтор қосымшасы арқылы қаланың әртүрлі аудандарында “құпия орындарда” затты қойып кетіп тапсырысты орындап жүргені анықтады. Күдікті азамат “бос жұмыс орындары туралы” тегін хабарландырулар сайтында жалақысы жоғары жұмыс туралы хабарландыруды көріп, ақша таппақ болған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *