Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Дәрмек» ЖАІШ: 35 медицина қызметкері есірткі айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Ағымдағы жылдың 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында “Дармек” жедел алдын алу іс-шарасының төртінші кезеңі өткізілді. Оның негізгі міндеті – есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымындағы бұзушылықтарды анықтау. Іс-шара барысында осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 75 кәсіпорын мен ұйым тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алты күн ішінде елімізде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 303-бабы (Есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) бойынша 12 қылмыс анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында құрамында есірткі құралдары бар препараттар айналымы ережелерін бұзуға жол берген үш медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды.

129 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді:

– 5 заңсыз фармацевтикалық қызметі үшін (ҚР ӘҚБтК 424-б.);

– 95 фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 426-б. 1-б.);

– 24 объектінің техникалық нығайту талаптарын бұзғаны үшін;

– 5 лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 464-б.).

Әкімшілік жауапкершілікке 129 адам тартылды, оның ішінде 32 медицина қызметкері. Барлық материалдар Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне берілді.

Айналымнан 356 есірткі ампуласы, 5 258 таблетка, 173 психотроптық заттар ампуласы, 258 прекурсорлар ампуласы алынды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті атап өткендей, құрамында есірткі бар медициналық препараттарды “қара нарықта” сату фактілері анықталуда. Яғни психобелсенді әсері бар дәріханалық препараттар жасөспірімдердің қызығушылығын тудырады және олардың есірткі тұтынуына тікелей себепші болады.

Мысалы, Алматы облысының тұрғыны синтетикалық апиындарға жататын 20 таблеткамен ұсталды. Атырау облысында осындай екі факт анықталды. Барлығы 3 870 таблетка және атропин сериясының 70 құты тамшылары тәркіленді.

Осыған ұқсас факті Теміртау қаласында анықталды, онда дүкенде дәріханалық препараттың 10 таблеткасын сатқан жергілікті тұрғын ұсталды.

Мұндай дәрі-дәрмектер адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін күшті заттардың тізіміне енгізілген. Оны әкелу және тарату жөніндегі бақылау функцияларын денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады. Полиция өз тарапынан азаматтардың осындай фактілер бойынша өтініштеріне материалдарды уәкілетті органға бере отырып ден қоюды қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *