Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Доминикан Республикасының шығысында 280 кг-нан астам кокаин тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Доминикан Республикасының есірткі айналымын бақылау жөніндегі ұлттық басқармасының қызметкерлері елдің шығысындағы Ла-Альтаграсия провинциясының жағалауынан салмағы 280 кг болатын кокаин партиясын тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның таратылған мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Оның айтуынша, жүк Оңтүстік Америкадан республикаға бет алған қайық бортында болған. Тәртіп сақшылары есірткі контрабандасымен айналысқандарды іздестіріп жатыр.

Доминикан Республикасы АҚШ пен Еуропаға есірткі тасымалдайтын ең ірі орындарының біріне айналды. Соңғы бір жылда құқық қорғау органдары елдің түрлі қалалары мен порттарында 2 тоннадан астам есірткі тәркілеген. Ресми статистикаға сәйкес, доминикандықтар да, басқа мемлекеттер азаматтары да заңсыз кәсіпкерлікпен айналысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *