Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚДМ діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Әлеуметтік желілерде діни экстремизмге қарсы үгіт-насихат күшейтіліп, радикалды топтардың қазақстандық жазылушыларымен атаулы жұмыс жүргізуге назар аударылады, деп Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Үкімет отырысында  хабарлады. Бұл туралы Zakon.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Министрлік тарапынан дін саласында азаматтардың радикалдануына жол бермеу және дінді деструктивті мақсатта пайдалану үшін діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп жалпы алдын-алу сипаттағы, сондай-ақ радикалды идеологияға бейімділік қаупі бар мақсатты топтары арасында ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», — деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров.

Оның айтуынша, радикалды діни идеологияның қарсы пропагандасының алдын алу бойынша әлеуметтік желілерге баса назар аудара отырып, ақпараттық салада белсенді жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, деструктивті және радикалды діни көзқарастарды ұстанушыларды дәстүрлі ислам ағымына қайтару мақсатында арнайы құқық қорғау органдарымен, әкімдіктермен бірлесіп, оңалту жұмыстары жүргізілуде.

Министр жастар, жұмыссыздар, маргиналды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, діндарлар сияқты азаматтардың осал санаттарымен атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту ұсынылғанын айтты.

«Интернет арқылы халықтың радикалдануына жол бермеу мақсатында, әлеуметтік желілерде, әсіресе жастар арасында радикалды діни контентті анықтау, діни экстремизмнің алдын алу, оған қарсы насихат жүргізу мәніне интернет-кеңістіктің мониторингін күшейту және әлеуметтік желілердегі радикалды топтар мен қоғамдастықтардың қазақстандық жазылушыларымен атаулы жұмысқа назар аудару», — деп хабарлады АҚДМ басшысы.

Сондай-ақ жиында деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен, оның ішінде «Жусан» арнайы операциясы аясында лаңкестік әрекет аймақтарынан оралған әйелдермен оңалту жұмыстары жалғасатыны айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *