Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Ауғанстан астанасы Кабулында жарылыс болып, екі бала қаза тапты, деп РИА Новостиге оқиға куәгері хабарлады. Бұл туралы Известия агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Бомба 12:00 шамасында жарылып, екі бала қаза тауып, тағы бірнеше бейбіт тұрғын жараланды», — деді куігер.

Жарылыс Баграми ауданында тәлібтерге тиесілі көлікте болғаны атап өтілді.

Желтоқсан айының басында Кабул орталығында ауған билігінің көлігі жарылған болатын. Жарылыс нысанасы Панджшир провинциясының губернаторы болды. Көлікке бекітілген магниттік мина іске қосылды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

17 қарашада Кабулда екі жарылыс болды. Бір бомба көлікте жарылып, жеті адам қаза тапты. Екіншісі шағын автобуста жарылып, салдарынан  үш адам қаза тапты.

10 қарашада Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев мәлімдегендей, қазір Ауғанстанда 20-дан астам лаңкестік құрылымдар әрекет етуде.

Ауғанстандағы жағдай 2021 жылдың мамырында елде 2001 жылдан бері болған АҚШ әскерлері шығарыла бастағаннан кейін шиеленісе түсті. «Талибан» қозғалысының мүшелері елдің ірі қалаларына шабуыл жасап, 15 тамызда соғыстың аяқталғанын жариялап, Кабулға кірді.

 

* Талибан қозғалысы – Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *