Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысының жеті тұрғынынан қару-жарақ, діни әдебиет пен есірткі тәркіленді

ТҮРКІСТАН, 17 қаңтар. Түркістан облысының полицейлері жеті тұрғыннан қару мен есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Небары екі тәулікте Түркістан облысы ПД-нің жедел бөлімдері қаруды, есірткі құралдарын және діни сипаттағы материалдарды заңсыз сақтаумен байланысты жеті жайтты анықтады.

Мәселен, Отырар ауданының аумағында криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады. Одан марихуана салынған қағаз орама мен 36 патроны бар тіркелмеген екі ұңғылы аңшы мылтығын тәркіледі. Сондай-ақ күдіктіден діни сипаттағы 20-дан астам кітап, брошюралар мен журналдар алынды.

Ал Түлкібас ауданында жедел уәкілдер ер азаматтан тіркелмеген тапанша мен 16 калибрлі шолақ мылтықты тапты.

Сондай-ақ Кентау қаласының аумағында полиция қызметкерлері азаматтардың бірінен марихуана мен металл кастетты тәркіледі.

Одан әрі Жетісай ауданында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тіркелмеген газды тапаншасы, түрлі калибрлі 20-дан астам оқ-дәрі, металл және ағаш дубинкалар мен “марихуана” салынған орамасы бар күдіктіні ұстады.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында криминалдық полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінен 16 калибрлі шолақ мылтықты, ал Ордабасы ауданының тұрғынынан 12 калибрлі шолақ мылтықты тапты.

Сондай-ақ Сарыағаш ауданы орталықтарының бірінен жедел уәкілдер тіркелмеген травматикалық тапаншасы бар аудан тұрғынын ұстады.

Барлық жайттар СДТБТ-ға ҚК-нің 296-бабы (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Тәжірибелі тергеушілер күдіктілердің қаруларды қандай мақсатта сақтағанын анықтауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *