Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО-да блокбекетте 500 граммға жуық мефедрон заты бар курьер ұсталды

ӨСКЕМЕН, 17 қаңтар. Шығыс Қазақстан облысындағы бақылау-өткізу бекетінде психотроптық заттары бар курьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 21:00 шамасында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ВАЗ-21115 автокөлігін тізгіндеген 22 жастағы облыс тұрғынын Риддерге кіреберісте ұстады. Көлікте консоль астынан ішінде ұнтақ түріндегі заты бар үш zip-пакет салынған полимерлі пакет табылды.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 427,5 грамм мефедрон психотроптық заты болып шықты. Дәл сол жерден, консоль астынан, есірткіні көтерме сатушылармен байланыс орнатылған ұялы телефон табылды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі“Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу, тасымалдау немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев түсіндіргендей, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап мефедронның аса ірі мөлшері бір граммды құрайды. Бұл санкцияны айтарлықтай қатаңдатып, мүлкін тәркілеумен бірге жазаны 15 жылға бас бостандығынан айыруға дейін ұлғайтады.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың қылмыстық байланыстары анықталуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *