Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Марокко полициясы 2 тоннадан астам марихуана тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Марокко полициясы 2,1 тонна марихуана тәркіледі және халықаралық есірткі саудасымен айналысатын топпен байланысы бар деген күдікпен үш адамды қамауға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Есірткі заты Марокконың солтүстігіндегі Танжер қаласының шетінде орналасқан ағаш шеберханасынан тәркіленген.

Қылмыскерлер шекара бекетінде полиция иттерінің есірткіні таппауы үшін марихуананы үлкен тақтайлардың ішіне арнайы саңылауларға жасырып, үстіне химиялық жабын төсеген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметтеріне сәйкес, соңғы 10 жылда Марокко есірткінің ең ірі өндірушілерінің бірі болып отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *