Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирактың солтүстігінде ДАИШ-ке қарсы ауқымды операция басталды

НҰР-СҰЛТАН, 04  ақпан. Ирак федералды полициясы Киркуктың оңтүстігінде террорлық ұйым ДАИШ-ке қарсы операция бастады, TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

Киркук полиция дирекциясының баспасөз хатшысы Амир Нури қаланың оңтүстігіндегі Решат аймағы маңында ДАИШ-ке қарсы Ирак полициясының ауқымды операция бастағанын хабарлады. Ол полицияның көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі және түрлі тұрмыстық материал тәркілегенін білдірді.

Баспасөз хатшысы айырықша Хашди Шаби күштері қолдау берген операцияның алдымыздағы күндері кеңейтілетінін айтты.

Террорлық ұйым ДАИШ 2014 жылдың маусым айында Ирактың Мосул, Салахаддин және Енбар уәлаяттарын, Дияла мен Киркук уәлаяттарының бір бөлімін басып алған еді.

ДАИШ-тің аймақтан шығарылуы және қалалардың алынуынан кейін шамамен төрт жыл өтсе де, ұйым әлі ауылдық жерлерде шабуылдарын жалғастырып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *