Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ президенті Сирияда «Ислам мемлекеті» жетекшісінің залалсыздандырғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан. АҚШ әскери күштері Сирияда «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жетекшілерінің бірін залалсыздандырды, деп АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды, деп  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Біздің қарулы күштеріміздің шеберлігі мен батылдығының арқасында біз ИМ* жетекшісі Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курайшиді ұрыс даласында  жойдық», — деп Ақ үй президентің сөзін келтіреді.

АҚШ-тың Орталық қолбасшылықтың бақылауындағы Арнайы операциялық күштерінің Сирияның солтүстік-батысында кеше кешке терроризмге қарсы миссия жүргізгені туралы бұған дейін Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби мәлімдеген. Оның айтуынша, операция сәтті өтті, американдық сарбаздардың ешқайсысы зардап шекпеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, арнайы операция Түркиямен шекаралас Идлиб провинциясының Атмех ауылында жүргізіліп, кемінде 12 адам қаза тапқан. France-Presse агенттігінің америкалық шенеуніктердің біріне сілтеме жасап хабарлауынша, лаңкестердің жетекшісі бомба жарып, өзін және өз отбасы мүшелерін, соның ішінде әйелдер мен балаларды өлтірген.

Әбу Ибрахим әл-Хашеми әл-Курейши 2019 жылы оның жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдади өлтірілгеннен кейін ИМ* басшысы болды.

2014 жылдан бері АҚШ пен оның одақтастары ИМ*-ге қарсы әскери операция жүргізіп келеді және олар Сирияда биліктің рұқсатынсыз әрекет етуде. Вашингтон лаңкестерді жеңгенін бірнеше рет жариялағанымен, содырлардың шабуылдары жалғасуда. Бұған қоса елдің солтүстігінде үкіметке қарсы түрікшіл топтар әрекет етуде.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *