Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанда «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» жақтасы қайтадан ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан. Құқық қорғау органдары Ферғана облысында «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами»* халықаралық діни-экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Республикада тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» діни-экстремистік қозғалысының мүшесі , 1979 жылы туған Қоқан қаласының тұрғынының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді», — делінген ІІМ-нің Telegram-каналында.

Мәлім болғандай, ер адам екі рет – 2000-2004 және 2007-2013 жылдары «Хизб ут-Тахрир» қатарында әрекет еткені үшін жазасын өтеген.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, күдікті Facebook желісіндегі аккаунты арқылы экстремистік ұйымның аудио-бейне материалдарын таратқан.

«Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп қосты баспасөз қызметі.

Өзбекстанда «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымының мүшелері тұрақты түрде ұсталады. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында тәртіп сақшылары елдің шығысындағы Әндіжан облысында осы ұйымның «әйелдер қанатын» құрды деген күдікпен жергілікті 12 тұрғынды ұстады.

«Ислам азаттық партиясы» («Хизб ут-Тахрир әл-Ислами»)* әлемнің бірқатар елдерінде террористік деп танылды.

Ұйымның мақсаты – «Дүниежүзілік Ислам халифатын» құру арқылы мұсылман емес үкіметтерді жою және әлемдік ауқымда исламдық басқаруды орнату.

Өзбекстанда «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами»* мүшелері тұрақты түрде ұсталады. 2021 жылдың қыркүйегінде тәртіп сақшылары Ташкент пен Ташкент облысында осы ұйымның «әйелдер қанатын» құрды деген күдікпен 29 әйелді ұстады.

Сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами»* мүшелері Ресейдің әртүрлі аймақтарында, негізінен Орталық Ресейдің ірі қалаларында, Еділ бойы мен Сібірде, сондай-ақ Қырымда ұсталған.

 

* «Ислам азаттық партиясы» («Хизб ут-Тахрир әл-Ислами») – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *