Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мысыр полициясы тоғыз қылмыскердің көзін жойды

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Мысыр полициясы Дакахлия мухафазасындағы рейд кезінде тоғыз қылмыскерді өлтіріп, көп мөлшерде қару-жарақ пен есірткі тәркіледі, деп елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Мәлімдемеде есірткі контрабандасымен және қарулы тонаумен айналысқан қылмыстық топтың Дакахлиядағы фермада жасырынып жүргені айтылған. Рейд кезінде болған атыста қылмыстық топтың тоғыз мүшесі өлтіріліп, полиция қызметкері қаза тапты.

Полицейлер тоғыз оқшашар, көп мөлшердегі оқ-дәрі, 350 келі марихуана мен екі келі героин тәркіледі. Операцияның нақты уақыты жарияланбады.

Соңғы жылдары Мысыр бүкіл ел бойынша есірткі қылмысымен күресті күшейтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *