Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау облысында қылмыстық топ мүшелерінен түрлі атыс қаруы тәркіледі

АТЫРАУ, 20 ақпан. Атырауда заңсыз қару тасымалдаумен айналысқан, 9 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп  Egemen.kz  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 

Олар түрлі атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан.

Қылмыстық топ құрамында 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары бары анықталды. Тексеру кезінде 26 жастағы күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 25 жастағы күдіктіден травматикалық тапанша табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, Атыраудағы Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орналасқан қоймадан үш атыс қаруы мен екі шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Күдіктілердің екеуі бұрын қарумен жасалған бұзақылық дерегімен істі болғаны анықталды. Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *