Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Амур аймағында мектепті «миналағаны» және есірткі сатқаны үшін жергілікті тұрғын сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Амур облысында сот Благовещенск мектебінде болатын жарылыс туралы хабарлаған, сонымен бірге есірткі сату кезінде ұсталған жергілікті тұрғынға үкім шығарды, деп «Российская газета»  интернет-порталына сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Благовещенск қалалық сотының сайтында атап өтілгендей,  2019 жылдың шілдесінде сотталушыға ер адам жолығып, оған гашиш майын жасауды ұсынған. 2020 жылдың ақпан айында Тамбов ауданының Лозовое ауылында сотталушы есірткі затын өндіріп, шприцке салып, сыбайласына берген.

Ал 2020 жылдың желтоқсан айында сотталушы облыс орталығында бұзақылық ниетпен ұялы телефонынан 112 нөміріне қоңырау шалып, қала мектептерінің біріне мина қойылғанын хабарлаған. Балалар мен мұғалімдерді оқу орнынан эвакуациялауға тура келді.

Теракт туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін және бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы есірткі сатуы үшін сот Амур тұрғынын бес жарым жылға қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге үкім шығарды. Сондай-ақ, ер адам жедел қызметтерге келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндетті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *