Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның арнайы күштеріИрактың солтүстігінде қару-жарақ қоймасын тапты

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір. Түрік арнайы жасақтары Ирактың солтүстігінде КЖП  лаңкестерінің қарулары сақталған үлкен қойманы анықтады, деп Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Қойманы әскерилер аумақтарды лаңкестердің бар-жоғын тексеру кезінде тауып алған.

Мұнда КЖП лаңкестері жүзден астам автомат пен пулеметтерді, сондай-ақ граната атқыш  пен снайперлік мылтықтарды жасырған.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны  лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП  лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Соңғы жылдары Күрдістанның жұмысшы партиясы аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына жүктеуге тырысады.

Сирияда КЖП  лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *