Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанда терроризм идеяларын насихаттап жүрген азамат ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Өзбекстанда танымал әлеуметтік желілерде парақшалар желісін жасап, лаңкестік ұйымдар жетекшілерінің уағыздарын таратқан ер адам ұсталды, деп Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мәлімдеді, деп Podrobno.uz сілтеме сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Қашқадария облысы Кітаб ауданының тумасы 2020-2021 жылдар аралығында Ресейде болған кезінде әлеуметтік желіде «Джихадшылар» діни-экстремистік қозғалысына жалдаушылардың ықпалына түскен.

Ол Tik-Tok, Likee, Instagram және басқа да бірқатар әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, олар арқылы  халықаралық террористік ұйымдар мен діни-экстремистік ағымдардың идеологиялық жетекшілері – Әбу Салах, Абдулла Зуфар, Абдулла Бухари және Садық Самарқандидің жиһадқа, хижратқа және шәһидтікке шақырған уағыздарын таратқан.

Отанына оралғаннан кейін ол бұл істі жалғастырды, оның ішінде ауылдастарын белсенді түрде тарта бастады. Ер адам Сириядағы содырлармен де байланыста болып, сол жаққа Ресей мен Түркия арқылы кетуді жоспарлаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *