Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтаймыз!

НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды!

1 мамыр мерекесі – Отанға деген шынайы сүйіспеншілігі мол халықты ұлы істерге біріктіріп, көтеретін, ерліктер мен жетістіктерге күш беретін біртұтас халық екенімізді еске салады. Азаматтарымыздың ойының бірлігі, өркендеген мемлекетке деген ортақ ұмтылысы тарихи өткені бай, болашағы зор халқымызды біріктіреді.

Қазақстанда тұратын этностардың бірлігі – егемен Қазақстанның әрбір азаматының жетістігі, бұл – біздің байлығымыз және оны қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті.

Әрқашан да жақсылыққа сеніп, жарқын болашаққа ұмтылып, еліміздің ұлы тарихын қастерлер, есте сақтауыңызға тілектеспіз. Достығымыздың шегі болмасын, арманымыздың шеті болмасын. Сіздерге зор денсаулық тілейміз. Әрбір күніңіз еліміздің, халқымыздың, бүкіл әлемнің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуыңызға тілектеспіз!

Елімізде сан түрлі ұлт өкілдері тұрады, біз біртұтас екенімізді ұмытпауымыз керек. Бұл жағары рух, азаттық, тәуелсіздік, тұрақтылық пен сенімділік тілейміз. Ең бастысы, бәрімізге бейбіт аспан тілейміз!

Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында әрбір адам өзін бақытты сезініп, еліміздің өркендеуі үшін еңбек етсін, өмір сүрсін, жасасын!»

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *