Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан мен Ресейдің ІІМ «синтетиканы» жеткізудің ірі трансұлттық арнасын  жойды

ТАРАЗ, 03 мамыр. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Ішкі істер министрліктерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністерімен синтетикалық есірткілерді пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізу арнасының жолын кесу бойынша екі елдің аумағында арнайы операция жүргізілді, – деп Polisia.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, фигуранттарға жедел әзірлеме жасау үшін ІІМ орталық аппаратының, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылды.

Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткілердің негізгі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстады.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны “синтетиканы” дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Осы ретте ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған.

Полицейлер жалпы сомасы 9,5 млн. астам АҚШ доллары болатын 260 кг қолдануға дайын есірткіні тәркіледі.

2021 жылдың қазан айы мен ағымдағы жылдың сәуір айы аралығында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан Қазақстанның 13 азаматын ұстады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *