Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Үйінде қарасора өсірген Павлодар тұрғыны  2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПАВЛОДАР, 06 мамыр. Жедел қызметкерлер құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіргені үшін 39 жастағы күдіктіні анықтады, деп   Рavlodarnews.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның үйінің аумағындағы жерге, шелектерге және басқа да контейнерлерге отырғызылған 10 қарасора  талы табылды.

— Тінту кезінде үйде ауа айналымы мен суаруға арналған құрылғылар, рефлекторы бар жарықтандыру шамы, термометр, қарасора өсірілген  ыдыстар, тыңайтқыштар мен тұқымдар табылды, — деді полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 300-бабы – «құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті тыйым салынған өсімдікті тек жеке қажеттіліктері үшін өсіргенін түсіндірді.

Ер адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *