Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пышақпен қаруланған палестиналық Израиль әскеріне шабуыл жасамақ болған кезде залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр.Сәрсенбіге қараған түні пышақ ұстаған палестиналық Иерусалимдегі Ескі қаланың «Мақта қақпасы» маңында орналасқан шекарашыларға қарай «Аллаһу Акбар» деп шап етті. Бұл қақпалар Храм тауына апарады,деп Israel Info-ға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Магав» жауынгерлері шабуылдаушыны дер кезінде байқап, оған «Тоқта» деп айқайлады, ол әрекет етпеген соң оқ жаудырды. Палестиналық құлап, оқиға орнына полицияның қосымша күштері жеткен. Израильдіктердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Палестиналық Quds News агенттігі «израильдіктер пышақпен шабуыл жасамақ болды деген сылтаумен палестиналық жігітті өлтірді» деп хабарлады.

Осыдан екі ай бұрын дәл осы жерде лаңкес шекара қызметінің екі жауынгерін пышақтап өлтірген болатын.

Иерусалимдегі шиеленіс  «Әл-Жазираның» журналисі Ширин Абу-Акленің жерлеу рәсіміне байланысты одан сайын артады. Ол әлі күнге дейін Шығыс Иерусалимде тұратын христиан отбасында дүниеге келген. Елорданың дәл осы ауданында жерлеу рәсімі өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *