Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Орынборда радикалды діни топтың қызметі тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр.Орынбор облысының тәртіп сақшылары сот террористік ұйым деп таныған, Ресей Федерациясының аумағында қызметіне тыйым салған радикалды діни топтың қызметін тоқтатты, деп РФ ІІМБ аймақ бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

«Ресейдің Орынбор облысы бойынша Ішкі істер министрлігі басқармасының және Ресейдің Орынбор облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының жинаған материалдары Орынбор облысы прокуратурасының Күшкүл ауылындағы мұсылман діни тобына тыйым салу туралы талап-арызына негіз болды. Бұл талапты Орынбор облыстық соты қанағаттандырды, аталған діни топ террористік ұйым деп танылды және оның Ресей Федерациясының аумағында қызметіне тыйым салынды», — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, топ Орынбор облысында 2014 жылдан бері әрекет етіп келеді, тәртіп сақшыларының назарына бірден түскен. 2020 жылы Орынбор қаласы мен Сақмар ауданында ұйым мүшелерінің үйлеріне 16 тінту жүргізілді. Хабарламада көрсетілгендей, ФҚҚ жедел қызметкерлері мен полицейлер экстремистік сипаттағы материалдарды, байланыс және электронды ақпарат құралдарын тәркіледі.

Соттың Күшкүл ауылындағы мұсылман діни ұйымына тыйым салу және оның қызметін террористік деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *