Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өскемен соты тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан азаматқа айыппұл салды

ӨСКЕМЕН, 17 мамыр. ШҚО-да тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қаңтарда ШҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 32 жастағы тұрғынымен тыйым салынған діни әдебиеттің тарату фактісін анықтады. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында Салафия деструктивті діни бағыттағы 17 кітап пен сегіз диск табылып, тәркіленді.

Тәркіленген заттар ШҚО Дін істері басқармасына дінтану сараптамасын жүргізуге жіберілді.

Өскемен қаласының әкімшілік сотымен 12 мамырда ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлімі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясына сәйкес, қаскөй 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *