Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Байден Буффалодағы жаппай кісі өлтіруді ішкі терроризм актісі деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. АҚШ-та нәсілшілдік идеяларға бой алдырған 18 жастағы жасөспірім Пэйтон Гендрон супермаркетте атыс ұйымдастырды, деп golosameriki хабарлады.Бұл туралы halyq-uni.kz редакциясына сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Нью-Йорк штатының оңтүстігінде орналасқан Буффало қаласында сенбі күні түстен кейін Tops Friendly Markets дүкенінде атыс болды. Ол негізінен афроамерикалықтар тұратын аймақта орналасқан. АҚШ санағына сәйкес, мұндағы халықтың 79% қара нәсілділер, 13% азиялықтар және 3% ақ нәсілділер.

Қылмыскер өз шабуылына толық дайындалған. Ол өзімен бірге автомат алып, оқ өтпейтін жилет, әскери каска киіп, дүкенге келген, – деді Буффало комиссары Джозеф Грамалья.

Жасөспірім автотұраққа келген сәтте көліктен түсіп, төрт адамды атып өлтірген. Содан жергілікті уақыт бойынша 14:30 шамасында дүкенге кіреді. Оны күзетші, бұрынғы полиция қызметкері Аарон Салтер тоқтатпақ болады. Полицияның мәліметінше, Салтер шабуылдаушыға бірнеше рет оқ атқан және Гендронның денесіне тиген, бірақ оқ өтпейтін жилет болғандықтан қылмыскерді жарақаттау мүмкін болмаған. Гендрон жауап қайтарып, күзетшіні өлтірді.

Осыдан кейін қылмыскер супермаркеттің ішін аралап жүріп, тұтынушыларға оқ жаудырған. Дүкен қызметкері Шонелл Харрис бұл уақытта демалыс күндері болғандықтан, супермаркетте адамдар көп болғанын айтты.

Қылмыскер болған оқиғаның бәрін камераға түсіріп, әлеуметтік желілердің бірінде тікелей эфир жүргізіп отырған.

Гендрон барлығы 10 адамды өлтірді, оның төртеуі – супермаркет қызметкерлері. Тағы үш адам жараланған. Шабуыл құрбандарының 13-інің 11-і – афроамерикалықтар.

ФБР бұл оқиғаны «жек көрушілік қылмысы және нәсілдік зорлық-зомбылық» ретінде тергеп жатқанын айтты. Билік оқ атқан адамның нәсілдік өшпенділіктен әрекет еткеніне дәлел бар деп отыр. Сонымен қатар, шабуылшының мылтығында он жыл бұрын 77 адамды өлтірген норвегиялық лаңкес Андерс Брейвиктің аты-жөні жазылғаны белгілі болды.

Гендрон үстінен қозғалған іс бойынша сот отырысы басталып кетті. Әзірге оған бірінші дәрежелі кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Аталмыш бап өмір бойына бас бостандығынан айыруды қарастырады. Жасөспірім кінәсін мойындаудан бас тартты. 19 мамырда тағы бір сот отырысы өтеді.

Бұл оқиғаға қатысты АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеме жасады.

Нәсілдік жеккөрушілікке қатысты қылмыстар біздің ұлтымыздың құрылымына қарсы. Кез келген ішкі лаңкестік актісі, соның ішінде ақ нәсілді ұлтшылдық идеологияның атынан жасалған әрекет Американың басты ұстанымдарына қайшы келеді, – деді Байден.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *