Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 Дондағы Ростов соты «Хизб ут-Тахрир»  мүшелерінің бірін қамауға алды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Дондағы Ростов қаласының Ленин аудандық соты Ресей Федерациясында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» лаңкестік ұйымының мүшелерінің бірі Хайдарәлі Ашуровты бір ай 30 тәулікке қамауға алды, деп Ростов облысы соттарының бірлескен баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Бұлтартпау шарасы бір ай 30 тәулікке, яғни 06.08.22 қоса алғанға дейін таңдалды», — делінген хабарламада.

Бейсенбі күні  ТАСС агенттігіне ФҚҚ –нің Қоғаммен байланыс орталығынан (ҚБО) Ростовта Орталық Азия елдерінің 13 азаматынан тұратын « Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» * ұйымының жасырын ұяшығы залалсыздандырылғанын хабарлады. Украинада жүрген халықаралық лаңкестік ұйымның эмиссарларының  үйлестіруі бойынша, олар Ресейде террористік идеологияны таратып, астыртын кездесулер барысында жергілікті мұсылмандар мен еңбек мигранттарын жалдаған.

Ұсталғандардың тұрғылықты жерінен үгіт-насихат материалдары, байланыс құралдары мен электронды ақпарат құралдары тәркіленді. Тергеу органдары ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс қозғады, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары жалғасуда.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *