Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер арсеналы табылды

ТАРАЗ, 14 маусым. Жамбыл облысында тағы да қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс орталығы көшелерінің біріндегі гараждың артынан бірнеше қару-жарақты тауып, анықтады.

Оқжатарында 8 патроны бар “ПМ” тапаншасы, револьвер, 12-калибрлі “ИЖ” тегіс ұңғылы мылтық, “LSG-80” жарық-шу гранатасы, 5,45 мм калибрлі патрондары бар металл жәшік (барлығы 2016 дана) тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ, полицейлермен тағы бір қару-жарақ арсеналы табылды. Олардың ішінде бір ТТ пистолеті, бір ойық қару, бір тегіс ұңғылы қару, бір жарық-шу гранаты, бір дыбыс-шу гранаты, 12 калибрлі 5 патрон, 9 мм ПМ-нің 36 патроны, 5,45 мм калибрлі 19 патрон, ТТ-нің 7,62 калибрлі 3 патроны, бір бронжилет.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *