Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нальчик тұрғыны ИМ содырларын қаржыландырды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Кабардин-Балқарияның тергеу органдары Сириядағы содырларға қару-жарақ пен техника сатып алу үшін 250 мың рубль аударды деген күдікке ілінген Нальчик тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады,  деп облыс бойынша РФ Тергеу комитетінің Тергеу басқармасы хабарлайды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  

  «Тергеу мәліметтері бойынша, 2013 жылдың қыркүйек және қазан айларында 1992 жылы туған күдікті ақшаның террористік қылмыстарды қаржыландыруға арналғанын біле отыра, екі танысына қару-жарақ, арнайы киім сатып алу және Сирия аумағындағы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының әрекеттеріне қатысу үшін 250 мың рубль аударған», — делінген хабарламада.

Ер адамға қатысты РФ Қылмыстық кодексінің «Террористік әрекетке жәрдемдесу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

«Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды», — деп хабарлайды ведомство.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *