Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тунисте лаңкестермен байланысы бар деген күдікпен сегіз әйел ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 27маусым. Тунис астанасының солтүстігінде орналасқан Крам қаласында лаңкестік топпен байланысы бар деген күдікпен сегіз әйел ұсталды, деп елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.  Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Екі әйел арасындағы қақтығыс туралы ақпарат алғаннан кейін қауіпсіздік күштері Крам аудандарының біріне жетіп, оларды қамауға алды», — делінген ведомство хабарламасында.

Операция барысында қауіпсіздік күштері тағы алты әйел жасырынған бөлмені анықтады. Ұсталғандардың барлығы лаңкестік ұйыммен байланысы бар деген күдікке ілінген, деп хабарлады ІІМ.

Қауіпсіздік қызметі Тунис президенті Каис Саид пен мемлекеттік қауіпсіздікті тікелей нысанаға алатын жоспарлар туралы ақпарат алғаннан кейін шамамен 24 сағат өткен соң қамауға алынды .

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *