Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Франция соты 2015 жылғы лаңкестік әрекеттер ісі бойынша 19 айыпталушыны терроризмге кінәлі деп тапты

НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Франция соты 2015 жылы 13 қарашада Парижде болған терактіге қатысты іс бойынша 19 айыпталушыны терроризм, тағы біреуі алаяқтыққа қатысқаны үшін айыпты деп танылды, деп ТАСС агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Stopterror.uz  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

BFM телеарнасының репортажында «19 айыпталушыға қатысты айыптаушы тараптың барлық сұрақтарына алқабилер «иә» деп жауап берді» делінген. Бұл ретте сотталушылардың бірі лаңкестік топтың мүшесі ретінде кінәлі деп танылмай, «алаяқтық үшін қылмыстық сөз байласу» бойынша сотталды.

Негізгі айыпталушы 32 жастағы Салах Абдеслам «өмір бойы бас бостандығынан айырылды, бұл мерзімді қысқарту мүмкін емес». Шабуыл ұйымдастырушыларының ішінде жалғыз аман қалғаны. Ол 13 қараша күні кешке лаңкестерді Bataclan концерт залына әкелген, сол кезде 90 көрермен қаза тауып, бірнеше жүздегені жараланған.

Әділдіктен жасырынбақ болған шабуылшы 125 күндік іздестіру операциясынан кейін Бельгияда ұсталды.

Қалған айыпталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді: өмір бойынан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Шабуылдарға тікелей қатысы бар екені дәлелденбеген жалғыз адам сыбайластық жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *