Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. АҚШ-тың Чикаго қаласында Тәуелсіздік күніне арналған шеру кезінде белгісіз біреу жиналғандарға оқ атып, 6 адамды мерт қылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 30-дан астамы жарақат алды. Олардың арасында балалар бар. Оқиға шаһардың шетіндегі Хайленд-парк деп аталатын жерде болған. Полицияның хабарлауынша қаскөй адамдарға жақын маңдағы бизнес орталықтың төбесінен оқ атқан. Артынан қылмыс орнынан ізін суытқан. Күдікті 22 жастағы Роберт Кримо есімді тұрғын болып шықты. Қазір полиция оны іздестіріп жатыр.

Крис О’нил, Хайленд-Парк полициясының командирі: — Қазір Хайленд-парк полициясы пен басқа да құқық қорғау органдары күдіктіні іздестіріп жатыр. Ол шамамен 18-20 жастағы ұзын қара шашты жас жігіт деп отырмыз. Оқиға орнынан қару табылды. Атыс болған жер қоршауға алынып, тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *