Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 Пәкістан Қауіпсіздік қызметінің кем дегенде 10 сарбазы жарылыстан жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде. Солтүстік Вазиристан ауданында (Хайбер-Пахтунхва провинциясының солтүстік-батысында) жанкешті жасаған жарылыстан кем дегенде  пәкістандық қауіпсіздік күштерінің он сарбазы жараланды, деп Dawn газеті хабарлады.  Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Ел Қорғаныс министрлігінің ведомствоаралық қоғаммен байланыс қызметінен алынған ақпарат бойынша, оқиға Мирали қаласында болған, жанкешті жарылғыш затты арнайы жасақ сарбаздарының кортежі жанында іске қосқан. 10 сарбаз жараланды, оның үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс болған жерде лаңкестікке қарсы операция жүргізілуде.

Солтүстік және Оңтүстік Вазиристандағы радикалды топтар «Вазиристан Ислам мемлекеті» деп аталатын ұйымды құруға қол жеткізбек.

Вазиристан Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас тайпалар аймағында орналасқан. Бұл таулы аймақ Пәкістанда әрекет ететін «Әл-Қаида», «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы»*,  «Өзбекстан ислам қозғалысының», сондай-ақ «Талибан» қозғалысымен байланысты «Техрик-и-Талибан Пәкістан» және т.б. экстремистік құрылымдар содырларының белсенділігіне байланысты Пәкістанның ыстық нүктелерінің бірі болып саналады.

Еске салайық, шілде айының басында Пәкістанның қауіпсіздік күштері Солтүстік Вазиристан ауданында (Хайбер-Пахтунхва провинциясының солтүстік-батысында) үш экстремистерді жойған болатын.

Ел Қорғаныс министрлігінің ведомствоаралық қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, содырлар Ауғанстанмен шекараға жақын орналасқан Ғұлам Хан қаласының маңында пәкістандық арнайы жасақтың лаңкестікке қарсы операциясы кезінде өлтірілген. Атыс кезінде бір сарбаз қаза тапты. Қақтығыс болған жерден қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *