Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейде экстремистік материалдардың деректер банкі құрылады

НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде. Мемлекеттік Дума сейсенбі күнгі отырысында үшінші оқылымда экстремистік материалдардың мамандандырылған ақпараттық базасын құру туралы заң жобасын қабылдады. Қабылданған заң сонымен қатар экстремистік ұйымға қатысы бар тұлғалар туралы мәліметтер тізілімін құруды көздейді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  

Құжатқа сәйкес, федералды мемлекеттік органдардың экстремистік әрекетке қарсы іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Ресей Федерациясының Әділет министрлігі экстремистік материалдардың дерекқорын жүргізетін болады, онда соттан «экстремистік материалдар ретінде және ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы»  қаулылардың көшірмелері енгізіледі.Бұл ретте экстремистік материалдардың дерекқорында қамтылған ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және экстремистік әрекетке қарсы іс-қимылмен айналысатын органдардың лауазымды адамдарына беріледі.

Сонымен қатар, сайлау комиссияларының сұрау салуы бойынша кандидаттар ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында экстремистік ұйымның қызметіне қатысы бар тұлғалар туралы деректердің тізілімін жасау жоспарлануда. Жүйеге экстремистік немесе террористік ұйымның мүшелері немесе мұндай ұйымдарға қатысуы сотпен анықталған өзге де тұлғалар туралы мәліметтер енгізіледі.

Жүйенің операторы  Ресей Федерациясының Әділет министрлігі болады. Экстремистік ұйымдарға қатысы бар тұлғалар туралы мәліметтер Ресейдің Ішкі істер министрлігі мен Федералдық салық қызметінен Әділет министрлігіне жіберіледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *